Спорттық гимнастикадан қазақстандық спортшылар әлем кубогі кезеңінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бүгін Венгрияның Сомбатхей қаласында халықаралық доданың финалдық бәсекесінің бірінші күні аяқталды.

Нәтижесінде, қазақстандық Нариман Курбанов спорттық ат снаряды бойынша үздік танылды. Ал Ілияс Азизов еркін жаттығу бойынша екінші орыннан көрінді.

Ертең Қазақстан құрамасының өкілі Милад Карими финалда 3 санат бойынша бақ сынайды.