Қазақстандық «Астана Про Тим» велокомандасы «Льеж - Бастонь - Льеж» біркүндік жарысына қатысатын шабандоздардың тізімін жариялады.

Команда құрамы: Омар Фраиле, Горка Исагирре, Луис Леон Санчес, Мерхаив Кудус, Уго Уль, Луаренс де Вриз, Давиде Мартинелли.

Жарыстағы спорт директоры: Дмитрий Фофонов пен Стефано Занини.

Біркүндік веложарыс 4 қазанда өтеді.