«Баварияның» шабуылшысы Робер Левандовски УЕФА нұсқасы бойынша 2019/2020 маусымының үздік ойыншысы атанды.

Польша құрамасының ойыншысы Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребе тарту рәсімінде марапатталды.

Өткен маусымда Роберт Левандовски «Бавария» сапында өткізген барлық турнирде 55 гол соғып, 10 нәтижелі пас берген.