Сноубордтан 2020 жылдың желтоқсанына жоспарланған әлем кубогы кезеңі келесі жылға қалды. Бұл туралы Ресей сноуборд федерациясы хабарлады.

Челябинск облысында 2020 жылдың желтоқсанында өтуі тиіс жарыс 2021 жылдың ақпанына ауыстырылды. Мұндай шешім қабылдауға коронавирус індеті әсер етіп отыр.

«Желтоқсан айында елге спортшылардың ұшып келуі қиындық тудырады. Сондықтан, әлемдік федерациямен ақылдаса отырып, жарысты ақпанға ауыстырдың», - дейді ұйымдастырушылар.