«Жетісу» командасының екі футболшысы Қазақстан ұлттық құрамасы сапына кірді. Олар енді Албания мен Беларуське қарсы Ұлттар Лигасы матчына дайындалады.
Команда қорғаушы Олжас Керімжанов пен шабуылшы Айбар Жақсылықов сенімді ойындарымен ұлттық құраманың бас бапкері Михал Билектің көзіне түскен.
Сонымен қатар, «Жетісудың» екі ойыншысы - Еркебұлан Сейдахмет пен Рауан Орынбасар жастар арасындағы (U21) ЕURO-2021 іріктеу ойындары аясында Монтенегромен (8 қазан) және Испаниямен (13 қазан) болатын ойындарға қатысады.
Ұсынамыз
Комментарии