Қазақстандық теннисші Андрей Голубев италиялық Андреа Вавассоримен жұптаса отырып, Биелледегі (Италия) халықаралық турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Андрей Голубев/Андреа Вавассори жұбы бірінші айналымда Николас Баррьентос (Колумбия)/Блаж Рола жұбы (Словения) 6:3, 3:6, 10:5 есебімен жеңді.