Футболдан Италия чемпионаты «Дженоа» клубында коронавирустың өршуіне байланысты тоқтауы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz Rаdio Capital-ға сілтеме жасап.

«А сериясының чемпионаты тоқтауға тиіс. Біздің қолымыздағы сынамалардың көбі оң нәтиже бергендер, сол үшін де чемпионатты тоқтатуға болады », - деді Италияның денсаулық сақтау вице-министрі Сандра Дзампа.

Еске салайық, дүйсенбіде «Дженоа» клубында 14 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған. Италия чемпионаты 19 қыркүйекте басталып кетті.