Iheartradio.ca сайтының хабарлауынша, 22 жастағы канадалық хоккейші Молли Дженкинс алматылық «Айсұлу» клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Сондай-ақ, бұл мүмкіндік Дженкинске азаматтық алуға өтініш беріп, келесі жазда Олимпиада іріктеуінде ұлттық құрама сапында ойнауға мүмкіндік береді», - деп хабарлады БАҚ.

Джекинстің амплуасы - қақпашы. Ол бұған дейін Виндзор университетінің шайбалы хоккейден әйелдер құрамасында ойнаған.