Қазақстандық волейболшы Ксения Курьерова мансабын Еуропа чемпионаттарының бірінде жалғастырады.

Ксения Курьерова Македонияның «Вардар» клубымен келісімшартқа отырды. Қазақстандық ойыншы жаңа командасында 15-ші нөмірлі жейдемен өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Ксения Курьерова кәсіби мансабын Ресейде бастаған. 2017 жылы Қазақстан азаматтығын алып, «Ертіс-Казхром» және «Қуаныш» командаларында ойнады.