Испаниялық AS порталының хабарлауынша, мадридтік «Реалдың» сербиялық шабуылшысы Лука Йович трансфер терезесі жабылғанға дейін клубтан кеткісі келеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

21 жастағы ойыншыға ағылшындық Манчестер Юнайтед қызығушылық танытып отыр. Ағылшындар шабуылшыны жалға алу арқылы шабуыл шебін күшейткісі келеді.

Сербке «Интер», «Милан» және «Рома» да үміткер.

Испандық басылымның хабарлауынша, серб ойын уақытын кепілдік беретін команданы таңдайды.