Халықаралық қазіргі бессайыс одағы биылғы әлем чемпионаты өтпейтінін мәлімдеді.

Бұл туралы 28 қыркүйекте өткен отырыста белгілі болды.

Қазіргі бессайыстан 2020 жылғы әлем біріншілігі коронавирус індетіне байланысты ұйымдастырылмайды.

Алғашында турнир 25-31 мамыр аралығында Қытайда өтуі тиіс болатын. Кейін халықаралық одақ турнирді 30 қараша мен 8 желтоқсан аралығына, Мексиканың Канун қаласына ауыстырды.

Алайда, әлемдегі індетке байланысты әлемдік дода өткізілмейді.