Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Францияда өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің бірінші айналымында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлем рейтингінде 76-орында тұрған Дияс тунистік Онс Жабермен кездесті. 1 сағат 47 минутқа созылған ойын 6:4, 3:6, 1:6 есебімен Жабердің пайдасына аяқталды.

Франция ашық чемпионатына қатысып жатқан қалған төрт теннисшіміз де екінші айналымға шықты.