«Ордабасы» ФК өзінің шабуылшысы Сергей Хижниченконы сәбилі болуымен құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Сергей Хижниченконы қызының дүниеге келуімен құттықтаймыз!⠀Ата-аналары осы керемет күні дүниеге келген сәбиге Елизавета есімін берді.⠀«Ордабасы» ФК командасы Сергейді және оның әйелі Натальяны қызының дүниеге келуімен шын жүректен құттықтайды және жаңа туған нәрестеге зор денсаулық, бүкіл отбасына бақыт, береке және қуаныш тілейді», - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.