1 қазан күні өтетін Ресей үстел теннисі Федерациясы Директоратының жиналысында қазақстандық командалардың Ресей чемпионатына қосылуы талқыланады.

«Astana» клубының әйелдер құрамасы 29 қазан мен 1 қараша аралығында Магнитогорск қаласында Суперлигада бақ сынауы мүмкін.

Ал «TT Club Karaganda» командасы осы уақыт аралығында Орынборда өтетін Жоғарғы лига жарысына қатысады деп күтілуде.