Павлодарлық «Арман» жағажай футбол клубы ел чемпионатын бір тур бұрын ұтып алды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.Бүгін жерлестеріміз Алматы облысының «Малайсары» командасын 5:1 есебімен тізе бүктірді. Кездесуде Роман Богданов хет-трик жасаса, тағы екі голды Дмитрий Перевертов пен Тимур Ершин соқты. Сол арқылы «Арман» кезекті мәрте Қазақстан чемпионы атанды.

- Биыл командамызға жастарды көбірек тарттық, олар тәжірибелі ойыншыларды жоқтатпады, - дейді команда бас бапкері Болат Аленов. – Жалпы команда ойнына көңілім толады. Жігіттерге рахмет.

Команда бас бапкерінің айтуынша, ең ауыр ойын талдықорғандық СДЮСШ командасына қарсы болды. Ертең Қазақстанның 12 дүркін чемпионы «Арман» ел біріншілігіндегі соңғы ойнын өткізеді. Қарсыластары талдықорғандық СДЮСШ болмақ.