Astana Pro Team велокомандасы Голландия мен Бельгияда 29 қыркүйек пен 3 қазан аралығында өтетін «БинкБанк Тур» көпкүндік жарысына қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елордалық клубтың баспасөз қызметі аталған веложарысқа қатысатын құрамын жариялады.

Команда мүшелері: Жандос Бижігітов, Эрнандо Бооркс, Лауренс Де Вриз, Даниил Фоминых, Евгений Гидич, Дмитрий Груздев, Давиде Мартинелли.

Спорт директорлары: Дмитрий Седун и Сергей Яковлев.