Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Франция ашық чемпионатының екінші айналымына қиындықсыз өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Ол екі партияда белгиялық Кирстен Флипкенсті 6:1, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Еске салайық, қазақстандық теннисшінің келесі қарсыласы Надя Подороска (Аргентина) болады.