Қазан қаласында (Ресей) All Champions Kazan 2020 кәсіпқой бокс кеші өтті, деп жазады Prosports.kz.

Аталған кеште үш қазақстандық боксшы өнер көрсетті.

Кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Бобыржан Момынов (11-0, 8КО) ресейлік Вагинак Тамразянмен (17-7, 5КО) жұдырықтасты. IBF Inter-Continental белбеуі үшін өткен кездесу толық 10 раундқа созылып, төрешілердің шешімімен Момынов жеңіске жетті.

Осылайша, отандасымыз кәсіпқой рингте 12 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті.

Өкіншіке орай, бүгін шаршы алаңға шыққан өзге екі боксшымыз жеңіліске ұшырады. Алдымен Дастан Сәдуұлы ресейлік Вилдан Минасовқа есе жіберді. Одан кейін Арман Рысбек беларусьтік Михаил Долголевтен жеңілді.

Дастан Сәдуұлы ресейлік боксшыдан жеңілдіАрман Рысбек кәсіпқой рингте алғаш рет жеңіліске ұшырады