Бүгін кешке Ресейдің Қазан қаласында All Champions Kazan 2020 бокс кеші өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде Бобиржан Моминов ресейлік Вагинак Тамразянмен кездеседі. Жекпе-жекте жартылай орта салмақтағы IBF Intercontinental белбеуі кімге бұйыратыны сарапқа салынады. Арман Рысбек екінші орта салмақта IBF Europe белбеуі үшін беларусь боксшысы Михаил Долголевтпен шеберлік сынасады. Ал Дастан Садуұлы жеңіл салмақта ресейлік Вилдан Минасовпен жекпе-жекте WBA Азия чемпионы атағын жеңіп алуға тырысады.

Қазақстан уақыты бойынша бокс кеші сағат 23:00-де басталып, «Хабар» телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

All Champions Kazan 2020: Қазақстандық боксшылар салмақ өлшеу рәсіміне қатысты

Арман Рысбек: Рингтен тек чемпиондық белбеумен кетемін