YouGov зегттеу орталығы әлемнің ең беделді тұлғаларының рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшылар арасында ең жоғары тұрған - Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду.

Рейтинг басында АҚШ-тың экс-президенті Барак Обама тұр. Екінші орында кәсіпкер Билл Гейтс, одан кейін ҚХР төрағасы Си Жиңпиң жайғасқан.

"Барселона" ойыншысы Лионель Месси Ресей президенті Владимир Путинді артқа тастап, 11-орында тұр.