Бүгін Абу-Дабидегі жекпе-жек аралында UFC 253 турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сегізбұрышқа бірінші болып ресейлік Хадис Ибрагимов пен бразилиялық Данило Маркес кірді.

Жекпе-жек үш раундқа да созылып, төрешілер бірауыздан Данилоны жеңімпаз ретінде таңдады: 29-28, 29-28, 30-27.

Маркестің UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. Ибрагимов промоушенде 4-жекпе-жекте жеңіліп қалды.