Теннистен Қазақстан командасының мүшесі Андрей Голубев Италиядағы турнирдің финалында жеңіліп қалды деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Ол жұптық сында италиялық Андреа Вавассоримен бірге ақтық сынға жолдама алған болатын. Алайда, шешуші матчта босниялық Томислав Бркич пен сербиялық Никола Качич жұбына есе жіберді. Қорытындысы есеп - 6:3, 5:7, 3:10.