Arlan MMA Pro командасының өкілі Таксим Забитов (8-0) UAE WARRIORS 13 турнирінде жекпе-жек өткізді.

Дубайда өткен аралас жекпе-жек кешінде қазақстандық спортшы Таксим Забитов Канада тумасы Ксавье Алауиға қарсы жекпе-жекте төрешілердің шешімімен жеңіліс тапты.

Бұл оның мансабындағы алғашқы жеңілісі. Бұған дейін өткізген 8 жекпе-жегінің бәрінде қарсыласынан басым түскен.