Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегіне қызу дайындық жүргізіп жатыр, деп жазады Prosports.kz сайты.

Боксшы Instagram-парақшасында спарринг-қарсыласы Рафаэлем Игбоквепен бірге түскен фотосын жариялап, былай деп жазыпты:

– Ринг ішінде 10 раунд ата дұшпандай айқасқанымен, ринг сыртында доспыз. Бұл - бокс! Сыйластық пен құрметтің үстіндегі спорт! Бұл - QAZAQ STYLE! 9 қазан, Лас-Вегаста көк туды желбіретеміз, бұйыртса! Біз кез-келген қарсыласқа дайынбыз.

Айта кетейік, 27 жастағы боксшының келесі жекпе-жегі 9 қазанда Лас-Вегаста өтеді деп жоспарланған.