Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Форлиде өткен «Челленджер» турнирінің финалында жеңіліс тапты.

Ол италиялық теннисші Андреа Вавассоримен бірге босниялық Томислав Бркич пен сербиялық Никола Качичке қарсы ойнап, 6:3, 5:7, 3:10 есебімен ұтылып қалды.