Мәнерлеп сырғанаудан Лас-Вегастағы (АҚШ) Гран-при кезеңі коронавирусқа байланысты көрерменсіз өтеді.

Бұл туралы АҚШ мәнерлеп сырғанау федерациясының сайтында жазылған.

Турнир 23-25 қазан аралығында өтеді.

Айта кетелік, Халықаралық конькимен жүгіру одағы тамыз айында Гран-при турниріне шектеу енгізді. Жарысқа үш санаттағы спортшылар қатысады.

Бұл - Гран-при кезеңін қабылдайтын мемлекет спортшылары, сол елде жаттығатын атлеттер және індет кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау арқылы қатысатын өзге ел спортшылары.