Қазақстандық теннисші Андрей Голубев италиялық Андреа Вавассоримен жұптасып, Форлидегі (Италия) Challenger сериясындағы турнирдің жұптық кезеңі финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қарсыластарs Лоренцо Мюзетти мен Андреа Пеллегрино кездесу өткізуден бас тартты. Осылайша, Голубев және оның серіктесі автоматты түрде финалдан бір-ақ шықты.

Финал ертең, 26 қыркүйекте өтеді. Аталған теннисшілер Томислав Бркич/Никола Какич жұбымен ойнайды.