Волейболдан Алматы облысының «Жетісу» әйелдер командасы ел біріншілігіне дайындығын бастап кетті. Талдықорғандықтардың алдымен Тараз қаласында Қазақстан кубогы үшін өтетін жарысқа қатысады. Ол қазан айының 15 күні басталады деп жоспарланған. Одан соң Қазақстан чемпионатында өнер көрсетпек.Жаңа маусымның алғашқы туры Талдықорғанда қарашаның 10 күні жалауын желберетеді. Айта кетейік,«Жетісу» ұжымы биыл ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында 8 мәрте Қазақстан чемпионы атанды, деп жазады Prosports.kz тілшісі.

Волейболдан «Жетісу» әйледер командасының құрамы 20 пайызға ғана өзгерген. Сербиялық Сара Лоза мен Ардақ Маратова ұжымнан кетті. Олардың орнын Украиналық лигеонермен Петропавлдық ойыншылар басқан.Қалғаны өз орынында. Жерлестеріміздің алдына биылда ел біріншілігінде бас жүлдені жеңіп алу талабы қойылып отыр. Оған жетісулық қыздардың шамасы жетеді, дейді бас жаттықтырушы. Бурхан Жанболаттың айтуынша волейболшылардың дайындығына барлық жағдай жасалған. Ел кубогын сарапқа салар күні спортшылар толық бабына келетін көрінеді.

Бурхан Жанболат

БУРХАН ЖАНБОЛАТ, «ЖЕТІСУ» ВОЛЕЙБОЛ КОМАНДАСЫНЫҢ БАС ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

«Қазақстан чемпионы ретінде біз биыл Азияның клубтық командалары арасында ойнауымыз керек еді. Коронаіндет оған кедергісін келтірді. Халықаралық турнирлерге де қатысу жоспарланған. Олда кейінге шегерілді. Дегенмен қыздар жаз бойы дене дайындығын жасап, спорттық бабын сақтап отырды. Таразда жоспарланған ел кубогы ұйымдастырылып жатса, бас жүлде үшін аянып қалмаспыз».

Жетісу командасының 7 ойыншысы Қазақстан құрамасы сапына алдынды. Бурхан Жанболатта еліміздің бас командасын қатар жаттықтырады. Яғни, жетісулықтар Қазақстан чемпионы болып қана қоймай, халықаралық турнирлерде де жүлдегер атануды мақсат етіп отыр. Сондықтан жерлестеріміз аптасына 6 күн тынымсыз дайындық жүргізеді. Түрлі тактикалық жүйе құрастырып, шеберліктерін шыңдап жатыр. Жарыста жақсы ойын өргенін көрсетіп, жеңіске жету. Жанкуйерлерімізді жаңа маусымда да қуантымыз келеді, дейді волейболшылар.

Ольга Данченко

ОЛЬГА ДАНЧЕНКО, «ЖЕТІСУ» КОМАНДАСЫНЫҢ КАПИТАНЫ

«Дайындық күшейтілген режимде өтіп жатыр. Күніне екі сағат спорт залда жаттығамыз. Команда мүшелері өзара өте тату. Алаңда да бір бірін жақсы түсінеді. Қазір қорғаныстағы ойын тәсілдерін қайталап, шеберлігімізді жетілдіріп жатырмыз. Сонымен қатар допты сауатты қабылдап, шабулдауда тәжірибемізді артыруға тиіспіз. Сонда ғана діттеген мақсатымызға жетеміз».

Жаңа волейбол маусымы алдыңғыдан қарағанда өзге форматта өтеді. Осыған дейін ұлттық лигада өнер көрсеткен 8 клуб өзара 2 аймақтық топқа бөлініп, кіл мықтыны анықтады. Осы жолы 8 команда барлық турда бір жерге жиналып, өзара сынға түседі. Бірінші кезең Талдықорғанда ұйымдастырылатынын жоғарыда жаздық. Одан кейін еліміздің 4 қаласында 4 тур өтпек. Соңғысы наурыз айына жоспарланған.Сол кезде кезекті ел чемпионының есімі белгілі болады деп күтілген.

Нұрбақыт Теңізбаев

НҰРБАҚЫТ ТЕҢІЗБАЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

««Жетісу» әйелдер волейбол командасы маңдайалды спорттық ұжымдарымыздың бірі. Олар Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, ел кубогы мен суперкубогының иегерлері. Азияның таңдаулы клубтары арасында бірнеше мәрте жүлдегер атанып, Қазақстанның көк туын көкте желбіретті. «Жетісу» командасына қарап, жас волейбошыларымыз бой түзейді. Нәтиделері де жылдан-жылға жақсарып келеді. Мәселен, Қазақстанның жастар құрамасына ұл-қыздарымыз көптеп шақырылады».

«Жетісу» командасының басты қарсыласы Өскеменнің «Алтай»клубы болып есептеледі. Биылғы ел кубогімен Қазақстан чемпионатында Шығыс Қазақстандық ұжым аянып қалмасы анық. Сонымен қатар, Павлодардың «Ертыс-Қазхормы» да жүлдеден үмітті. Керекуліктер орайы келсе қарымта қайтаруға әзір кендігін білдірді. Сондықтан чемпионбыз деп арқаны кеңге салуға болмайды, дейді жаттықтырушылар.

Валерий Беленков

ВАЛЕРИЙ БЕЛЕНКОВ, «ЖЕТІСУ» ВОЛЕЙБОЛ КОМАНДАСЫ БАС ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ:

«Короноіндетке бапйланысты дайындык кестемізде біраз өзгеріс болды. 1-ші қыркүйектен бастап, спортзалда дайындалып жатырмыз. Қазір көбіне техникалық шеберлікті күшейтуге жұмыс істеп жатырмыз».

«Жетісу» әйледер командасы бұған дейін Қазақстан кубогын 8 рет иеленген. Таразда өтетін жарыста жетісулықтар жеңіке жетіп, 9-шы рет ел кубогін Талдықорғанға алып келуді жоспарлап отыр. Сәттілік жолдас болып, жаттығуымыз жақсы өтсе, алымбайтын қамал жоқ, дейді спортшылар.