«Астана» 10-шы турдың орталық кездесуінде қызылордалық «Қайсарды» 0:1 есебімен жеңді. Аталмыш кездесудегі жеңіс голының авторы Жарко Томашевич кездесу туралы өз пікірімен бөлісті.

- Біз үшін кездесу оңай болған жоқ. «Қайсар» - өте жақсы команда. Бірақ, бізге өзіміздің үздік екендігімізді дәлелдеу қажет болды. Қуанышымызға орай, гол соғып, маңызды үш ұпайға қол жеткіздік.

- Сіз бірқатар жарақаттан кейін алаңға қайта оралып, «Астана» сапындағы алғашқы голыңызды соқтыңыз. Өзіңізді қалай сезінудесіз?

- Мен қайта алаңға шығып, командаға көмегімді тигізгеніме өте қуаныштымын. Мендегі сәтсіз өткен күндер артта қалды деп үміттенемін.

- Сіз бүгінгі ойындағы жалғыз голды соқтыңыз. Өзіңді ойынның қаһарманы ретінде сезіндің бе?

- Жоқ, жеңіске жету үшін соңына дейін барын салған, барлық команда мүшелері нағыз қаһармандар.