Қазақстандық Konina Power киберспорт командасы PlayerUnknown's Battlegrounds (PUBG) Mobile ойынынан құрамын жаңартты.

Команда сапына беларусь ойыншысы Евгений BLVCKwhite Балашов келді. Сондай-ақ, командада қазақстандық Дамир Axzcer Омаров, Нұрсұлтан Gonzo Нартбаев, Асқар DGR Ахметов және моңғолиялық Даваадорж RobdiNNi Мункхбат сынды ойыншылар бар.