«Тобылдың» жартылай қорғаушысы Азат Нұрғалиев Қазақстан Премьер-Лигасында 425 матч өткізіп, ең көп ойын өткізгендердің қатарына енді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

34 жастағы футболшы ел чемпионатындағы алғашқы ойынын 2004 жылы өткізген. Мансабында «Жетісу», «Сұңқар», «Астана», «Ордабасы» және «Тобыл» командаларында доп тепкен.

Премьер-Лигада ең көп ойын өткізгендердің көшін Нұрбол Жұмасқалиев бастап тұр. Ол ҚПЛ-да 523 матчқа қатысқан. Одан кейінге орында Серік Жейлітбаев (457), Самат Смақов (452) және Игорь Юрин (426) тұр.