Қазақстандық боксшышылар Әлімжан Тұрсынов пен Вячеслва Салибаев MTK Global ұйымының турнирі аясында кездесті.

Алты раундқа созылған жекпе-жекте Әлімжан Тұрсынов төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, боксшылар MTK Kazakhstan промоутерлік компаниясының ұйымдастырып жатқан турнирі аясында жекпе-жек өткізді. Жарыстың жеңімпазы ұйыммен келісімшартқа отырып, WBC Asia және WBO Asia белбеулерінің иемденеді.