UFC-де жеңіске жеткен тұңғыш қазақ Дамир Исмағұлов алдағы жекпе-жегі жайлы айтты.

- Жауынгер спортта да, өмірде де соңына дейін күреседі. Қолдау көрсетіп, сенім артқан әр адамға алғысымды айтамын. Келесі жекпе-жегімді қашан өткізетінімді бірінші кезекте сіздерге айтамын, - деп жазды спортшы әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, Дамир Исмағұлов соңғы жекпе-жегін өткен жылы UFC Fight Night 157 турнирінде өткізіп, бразилиялыө Тьяго Мойзесті жеңген болатын.