"Тобыл" - "Оқжетпес" матчында қостанайлық команданың жеңіс голын соққан ойыншы Жереми Манзорро кездесуден соң пікір білдірді:

— Мен бүгінгі жеңісімізге өте қуаныштымын. Алдыңғы ойыннан кейін біз еңсе тіктеуіміз керек еді. Біз жақсы командаға қарсы тұрдық, олар жинақы ойнады, бірақ біз гол соғудың жолын таптық, содан кейін жеңіске жету және үш ұпай алу үшін есепті сақтап қалдық.