Садақ атудан Қазақстан командасының мүшесі Ильфат Абдуллин ұзақ үзілістен соң басталған оқу-жаттығу жиындарының қалай өтіп жатқанын баяндады.

«Ұзақ үзілістен кейінгі жаттығу жиынының алғашқы апталары шын мәнінде түсініксіз өтті. Өйткені, ағза дұрыс қабылдамай, күресумен болды. Сондықтан, жоспар мен режимді дұрыс қолдану керектігін түсіндім.

Қанша дегенмен, үй жағдайындағы дайындықтың толыққанды жаттығуға жетпейтіні анық. Бұл физикалық тұрғыдан қатты сезілді. Сол себепті, бар күшімді жалпы физикалық дайындыққа жұмсадым.

Қазіргі кезде қалыпқа келіп қалдық деуге негіз бар. Жиын соңына қарай нағыз спорттық бабымызға енетініміз анық», - дейді Ильфат.