«Барселона» футбол клубының жартылай қорғаушысы Артуро Видаль «Интер» командасына ауысты, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы миландық клуб ресми хабарлады.
Бұған дейін Видаль «Интермен» 2+1 жүйесінде келісімшарт жасайтыны хабарланған болатын.
Айта кетейік, 33 жастағы чилилік ойыншы «Барселонада» 2018 жылдан бері өнер көрсетті. Каталониялық клуб сапында ол Испания чемпионы және Испания Суперкубогының иегері атанды.
Комментарии