Жақында ғана WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған Энди Ли келесі кездесуін Геннадий Головкинге қарсы өткізуі мүмкін, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұл туралы Головкиннің промоутері Том Леффлер мәлімдеді.

«Лидің чемпион атанғанына қуаныштымыз. Ол орта салмақтағы ең мықты боксшылардың бірі. Онымен кездесу өткізуге ниеттіміз», - деді Леффлер.

Сондай-ақ, Ли Головкинмен жекпе-жек жайлы өз пікірін білдірді:

«Қазіргі таңда, Головкин - әлемдегі ең мықты боксшылардың қатарына кіреді. Геннадийге үлкен құрмет білдіремін, бірақ мен одан қорықпаймын. Келесі жылы Головкинмен жұдырықтасуымыз әбден мүмкін».