«Манчестер Сити» футбол клубының жартылай қорғаушысы Илкай Гюндоган коронавирус жұқтырды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы англиялық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Ол енді 10 күн бойы өзін-өзі оқшаулайды.

Айта кетейік, Гюндоган «Манчестер Сити» сапында 2016 жылдан бері ойнап келеді. Сонымен қатар, 2011 жылдан бастап Германия құрамасының ойыншысы.