«Астана» велокомандасының капитаны Мигель Анхель Лопес маусымның соңында қазақстандық командадан кетеді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы елордалық клубтың бас менеджері Александр Винокуров мәлімдеді.

Винокуровтың айтуынша, команданың бюджеті колумбиялық велошабандозбен ынтымақтастықты жалғастыруға мүмкіндік бермейді. Лопес үшін «Астана» сапындағы соңғы жарыс «Джиро д'Италия» болмақ.

Еске сала кетейік, Лопес кеше ғана аяқталған «Тур де Франс-2020» жарысында жалпы есепте ол 6-сатыға тұрақтады.