Талдықорғанда бильярдтан ардагерлер арасында қалалық чемпионат өтті. Оған тастаяқты шебер меңгерген 12 адам қатысты. Спорттық шара бильярдшылар үшін аса маңызды. Өйткені, жеңіске жеткендер Алматы облысының біріншілігіне жолдама алады. Сонымен қатар, республикалық және халықаралық турнирлерге қатысу құқына ие болады,деп жазады Prosports.kz тілшісі.

Бильярдшылар бәсекесі Алматы облысындағы 6 ай үзілістен кейінгі ұйымдастырылған алғашқы ресми жарыс. Сондықтан да болар Талдықорғандық тастаяқшылар спорттық шараны мереке ретінде қабылдады. Жарысқа жақсы дайындалып келгендерін дәлелдеуге тырысты. Олардың әрқайсысы карантин кезінде оқшауланып жаттыққандығын айтады. Бұл турнирдің өтуіне қалалық арадегерлер ұйымы ұйтқы болыпты.