«Қайсардың» нидерландтық жартылай қорғаушысы Элвин Фортес жанкүйерлеріне қазақ тілінде алғыс айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Фортес Instagram желісіндегі «Сторизде» қазақша және ағылшынша жазба жариялады.

«Біз көп нәрсеге лайық болдық, мені қолдайтын жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді», - деп жазды футболшы.

Еске салайық, кеше «Қайсар» ҚПЛ-дың 9-турында «Ордабасымен» тең түскен еді - 1:1. Элвин Фортес бұл матчта наурыздан бері алғаш рет алаңға шыққан.