Ресей чемпионатының сегізінші турындағы «Уфа» - ЦСКА матчы 0:1 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

ЦСКА сапындағы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов негізгі құрамда шығып, 78-минутта алаңнан кетті. 22 жастағы футболшы тұңғыш рет мәскеулік клуб сапында матчты бірінші минуттан алаңда бастады.

РПЛ. 8-тур

«Уфа» - ЦСКА 0:1 (0:0

Гол: Кристиан Бистрович 64.