Конькимен жүгіру спортынан жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы кезеңі өткізілмейді. Бұл туралы Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) хабарлады деп жазады Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап

Жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы кезеңі 28-29 қараша аралығына жоспарланған еді.

Айта кетелік, бұған дейін ISU конькимен жүгіруден әлем кубогының төрт кезеңі өтпейтінін мәлімдеді. Сондай-ақ, шорт-тректен әлем кубогының да екі кезеңі өткізілмейді.