Футболдан Қазақстан чемпионатының 9-туры матчында «Жетісу» «Тараз» командасына екі доп соғып, сенімді үш ұпайға қол жеткізді.

Кездесу Талдықорғандық команданың басымдылығымен өтті. Педро Эуженио ойынның 14-минутында пенальтиден есеп ашты. Ал 39-минутта Тони Сильва қолымен ойнағаны үшін «Тараз» қақпасына тағы да бір пенальти белгілеңді, ендігі мәрте оны Доньет Шкодра голға айналдырды. Ойынның екінші жартысында «Жетісу» қарсыласыңа еш мүмкіндік бермеді.