Неміс Бундеслигасының кезекті маусымы ел чемпионы «Бавария» мен «Шальке» арасындағы матчпен ашылды, деп жазады Prosports.kz.

Мюнхен машинасы қарсылас қақпасына жауапсыз 8 доп соқты. Серж Гнабри хет-трик авторы атанды. Сондай-ақ, Леон Горецка, Роберт Левандовски, Томас Мюллер, Лерой Зане және Джамал Мусиала секілді футболшылар да мергендік танытты.