Беларусь чемпионатының 24-турында қазақстандық футболшы Владислав Васильев өнер көрсететін «Рух» командасы «Смолевичи» командасын 6:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық жартылай қорғаушы 54-ші және 75-ші минуттарда гол соқты.

Турнир кестесінде «Рух» 36 ұпайымен 6-орында тұр.

Назарларыңызға матчқа бейнешолуды ұсынамыз.