17 қыркүйек күні Италияның Рим қаласында өткен «Гауһар лигасы» кезеңінде швециялық Арман Дуплантис сырықпен секіруден жаңа рекорд орнатты.

20 жастағы спортшы ашық стадионда 6.15 метрді бағындырып, осыдан 26 жыл бұрын украиналық Сергей Бубка орнатқан рекордтың мұртын бұзды.

1996 жылы Бубка 6.14 метрді еңсерген болатын. Жеңіл атлетиканың жаңа жұлдызы Арман Дуплантис Римдегі «Гауһар лигасы» кезеңінде 6.15 метрді екінші мүмкіндігінде бағындырып, турнир жеңімпазы атанды.