Қазақстан футбол федерациясы «Астана» клубына қатысты жаза қолдануды шешті.

Тәртіптік-бақылау комитетінің отырысында ел чемпионатының 8-туры аясында өткен «Ордабасы» мен «Астана» арасындағы матчта елордалық команданың қосалқы құрам ойыншылары трибунада маскасыз отырғаны үшін 222 240 теңге айыппұл салынды.