UNDERDOG қазақстандық файтер Артем Резниковтің (21-6) АСА 111 турниріндегі жекпе-жегіне арналған промо-роликті жариялады.

19 қыркүйекте Мәскеуде өтетін ACA 111 турнирінің негізгі жекпе-жегінде қазақстандық үздік файтер Артем Резников (21-6) жеңіл салмақтағы бұрынғы ACB чемпионы (66 келі) Юсуф Раисовпен (16-1) жұдырықтасады.

Кештің басты жекпе-жегінде ресейлік файтер Александр Сарнавский (37-7) Абдул-Азиз Абдулвахабовпен (17-2) кездеседі. Бұл кездесуде жеңіл салмақтағы (70 келі) вакантты титул сарапқа салынады.

Кештің үшінші негізгі кездесуінде қазақстандық Асылжан Бақытжанұлы (11-1) жартылай ауыр салмақта (93 келі) Алексей Буторинмен (15-4) кездеседі.