27 желтоқсанда НВО телеарнасы 2014 жылғы сегіз үздік бокс кездесулерін көрсетеді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Boxing's Best трансляциясы қатарынан төрт кеш бойы болады. Көрермендер әр түрлі категориядағы боксшыларды тамашалай алады, мысалы, Геннадий Головкин, Мэнни Пакьяо, Хуан Мануэль Маркес, Теренс Кроуфорд, Мигель Котто, Сергей Ковалев, Бернард Хопкинс және Владимир Кличконы.

Трансляция солтүстік америкалық уақыт бойынша 23:30-да басталады.

Видео HBOSports арнасынан